You are here
Ғабидолла Әбдірахымов жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмысын сынға алды Жаңалықтар 

Ғабидолла Әбдірахымов жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмысын сынға алды

«Жергілікті полицейлердің жұмысы қанағаттанарлықсыз». Тәртіп сақшыларының есебін тыңдаған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осылай деп баға берді. Шаһар басшысының айтуынша, полицейлер тек қана статистика үшін жұмыс жасайды, халықпен қатынасы жоқ. Ал құқық қорғаушылардың жұмысына бағаны халық беретінін білмейді деген әкім тәртіп сақшылары тез арада өз жұмыстарын жүйелемесе, талай басшы қызметімен қоштасады деді.

Ғабидолла Әбдірахымов жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмысын сынға алды

Қалалық әкімдікте өткен жиналыста жергілікті полиция қызметінің басшылары қаладағы проблемаларды тізбектеп, оның шешілу жолдарын ортаға салды. Мысалы, Абай ауданы бойынша ең күрделі мәселе — ретсіз сауданы жою болып тұр. Ауданда 11 ірі сауда орны бар, оған қоса саудагерлерге салынған айыппұл мәселені шешер емес деп шағымданды спикер. Бұдан бөлек жекенің мүлкін тонау полицейлердің бас ауруына айналыпты. Ұрыны ұстау қиын дейді тәртіп сақшысы.

Шымкенттің әкімі осы пәтер ұрлығына қатысты аудан әкімдеріне үй төрайымдарымен бірлесе жұмыс жасауға тапсырма берді. Көп қабатты үй подъездеріне бейнебақылау ортату мәселесі екі аптада іске асуы тиіс.

Жиын барысында өз жұмыстарының қиындығын айтып ақталуға тырысқан полицейлерді қала әкімі қатты сынға алды. Құқық қорғаушы халық үшін жұмыс істеуі тиіс. Болмашы ғана заң бұзғаны үшін азаматты бірден әкімшілік жазаға тартудан көрі түсіндіру жұмыстарын көбірек жүргізу қажет дейді шаһар басшысы.

Айта кету керек, жергілікті полиция басшылары жылына екі рет халықтың және депутаттардың алдында есеп береді. Құрғақ статистика үшін жұмыс жасайтын полицейлер қызметінен қоштасады деді әкім. Себебі жүргізілген сауалнама бойынша қала тұрғындары полицейлерге сенбейтіні анықталды. Ал бүгінгі жиынның қорытындысы бойынша да қала әкімі жергілікті полицейлердің жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтты.

Нұрлан Жаңабай

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz