You are here
Қазақ-өзбек делегациясы шекарадағы өзендер жайын талқылауда Жаңалықтар 

Қазақ-өзбек делегациясы шекарадағы өзендер жайын талқылауда

Қазақстан мен Өзбекстан трасшекаралық су көздерін тиімді пайдалану керек. Осы мақсатты көздеген қос елдің жұмысшы топтарын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қабылдады. Ынтымақтастық аясында тек ағын судың мәселесі ғана емес ауыз су жайын оңтайлы шешу де қаралып отыр.

Қос тарап трансшекаралық су көздерін қылдай бөліп алу үшін ымыраласуда. Су құлағында отырған өзбек ағайындармен осыған дейін мұндай келісім жасаудың ретін бір келмеген. Соның салдарынан шекаралас аудандар қуаңшылыққа тап болып, ағын суға жарымай қалатын дейді жауаптылар.

Қазір Достық каналына секундына 1400 текше метр су келіп жатыр. Осыған дейін қыс мезігілінде су деңгейі 800 текше метрдің төңірегінде болатын. Енді трансшекаралық каналдар мен өзендер бойында біздің жұмысшы топ су деңгейінің қалай бөлініп жатқанын есептеуге қол жеткізіп отыр. Алайда бауырлас елдің бір талабы бар.

Бүгінде жер асты суы тапшы Сарыағаш, Қазығұрт аудандары бүгінде сапалы тіршілік нәріне сусап отыр. Келестің лайқа суын тұнытып ішіп отырған жұртшылық енді Өгемнен ауызсуын ажарататын болады. Қос ауданның түйткілді мәселесін шешу үшін қолға алынып отырған мегажоба 1 млн халықты сапалы ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Алайда Достық каналындағы ақуал тек Өзбекстан тарапымен жасалған келісімге байланып тұрған жоқ. Трансшекаралық каналдан келетін су деңгейіне Қырғызстан мен Тәжікстан да белгілі бір деңгейде әсер ете алады. Алайда, жауаптылар тараптармен әлден-ақ жан-жақты келіссөздер жүргізіліп жатыр деп сендіреді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz