You are here
Сабыр Омарұлы Рахымовтың туғанына 115 жыл толды Жаңалықтар 

Қазақтың “темір генералының” туғанына – 115 жыл

Биыл Ұлы Отан соғысының батыры Сабыр Омарұлы Рахымовтың туғанына 115 жыл толды. Осыған орай Шымкенттегі «Жас Ұлан» мектебі «Қазақтың тұңғыш генералы – Сабыр Рахымов» атты декада өткізді.

Атаулы декада шеңберінде 14 ақпан күні Жеңіс саябағына жиналғандар қазақтан шыққан тұңғыш генералдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қазақтың "темір генералының" туғанына - 115 жыл

Атаулы күн жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылған мерекелік шарада жалғасын тапты. Оған «Ұландықтар» мен Сабыр Рахымов атындағы республикалық мектептің жеке құрамы қатысты. Іс-шараға арнайы шақырылған ардагерлер сөз алып, батырды еске алды.

Жас әртістер сахнада өнер көрсетті. Сабыр Омарұлы Рахымов қысқа ғана ғұмырында фашизмді жаныштауда ерен еңбек сіңірген.

Қазақтың "темір генералының" туғанына - 115 жыл

 

Қазақтың "темір генералының" туғанына - 115 жыл

Сабыр Рахымов – Ұлы Отан соғысы кезінде генерал шенін алған Оңтүстіктің, жалпы, Орталық Азияның жалғыз тумасы. Сталиннің өзі Қазақтың көзсіз батырын «темір генерал» деп атаған екен. Батыр көз жұмған соң оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz