You are here
Қоғам белсенділері Шымкенттегі ирригациялық жүйелерді сынға алды Жаңалықтар 

Қоғам белсенділері Шымкенттегі ирригациялық жүйелерді сынға алды

Шымкенттегі қоғамдық ұйымдардың белсенділері қала билігінен ирригациялық жүйелерге назар аударуды сұрайды. Тұрғындар Тәуке хан даңғылы бойын жөндеуге қатысты сын айтуда. Мұндағы себеп — бір жерде басталған арық-атыздар екінші жерде үзіліп, тағы бір жерден жалғаса кетеді.

Ал жауын-шашын жиі жауатын Шымқалада арық-атыз міндетті түрде жөнделуі тиіс дейді қала тұрмысының жанашырлары.Несіпжан Әмірова ирригациялық жүйенің қалай болса солай орнатылғанын ерінбей көрсетуде. Мұнымен қоса арық-атыз салудағы тиісті талаптың бұзылғанын да атап өтті. Ал орнатылған бөгеттерді көргенде арық-атызға жиналған ағын судың қай бағытта ағатыны белгісіз дейді қоғам белсендісі.

Қоғам белсенділері Шымкенттегі ирригациялық жүйелерді сынға алды

Несіпжан Әмірова, қоғам белсендісі: «Кеңес Одағы тараған кезеңнен қаладағы ирригациялық жүйелер қараусыз қалып, арық-атыздың бірі қоқысқа толса, лотоктардың бетондары шашылды. 25 жылда оларды ретке келтірілмеді. Білікті мамандар да қалмады. Ол ауқымды жұмыс және қомақты қаржыны талап етеді. Ирригациялық жүйелерді жөндеуге 5-7 жыл және 7 млрд теңгедей қаржы керек.»

Қоғам белсенділері Шымкенттегі ирригациялық жүйелерді сынға алды

Айта кетейік, Тәуке хан даңғылының Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Тәшенов көшесі аралығындағы бөлігін «Береке А» корпорациясы жөндеуде. Ал қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің мамандарыр ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмысы қолға алынғанын айтады. Тәуке хан даңғылындағы тек жол емес, жаяу жүргіншілер жолы мен ирригациялық жүйелердің заман талабына сәйкес болуын қала әкімі өз қадағалауына алған. Таяуда Ғабидолла Әбдірахымов құрылыстың басында болып, өз сын ескертпелері мен ұсыныстарын да жасады.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі: «Мына жерде, қарап тұрсаңыздар, тым жоғары кеткен. Төменірек жасау керек. Және пандус жасағанша мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ыңғайлы болсын деп, мына плиталарды былай қойған дұрыс.»

Қоғам белсенділері Шымкенттегі ирригациялық жүйелерді сынға алды

Осы даңғылдың Тәшенов пен Аймауытов көшелері аралығындағы бөлігін қайта жөндеу «Отаустрой» серіктестігіне жүктелген. Мұнда жұмысшылар геодезиялық зерттеулерден кейін ирригациялық жүйелерді орнықтыруға кіріседі. Оқтаудай орнатылған гранитті бордюрлер мен қаз-қатар тізілген бетон арықтар дәлдіктің белгісі дейді құрылысшылар.

«Отаустрой» құрылыс компаниясының өкілі: «Өзіміздің бөлігімізде 13 пикет бар. Жолдың бойындағы лотоктарды, өздеріңіз байқасаңыздар, тақтайдай орнатудамыз. Компанияда білікті мамандар жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы міндеттерін өз деңгейінде орындайды. Бізде талап күшті. Кемшіліктерге жол берілмейді.»

«Бізге тиесілі учаскедегі жұмысқа кепілдік береміз» дейді мердігерлердің қай-қайсысыда. Ал егер бес жылда ақау табылса, онда кемшіліктерді құрылысшылар өз есебінен жөндеуі тиіс.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz