You are here
Қоғамдық көлік қызметкерлері сыпайы болуы тиіс Жаңалықтар 

Қоғамдық көлік қызметкерлері сыпайы болуы тиіс

Бүгін Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, жергілікті полицей қызметінің басшылары қалалық автопарк жұмысшыларымен кездесті. Жиында қоғамдық көлік қызметінде мінез-құлық нормаларын сақтау жайы әңгіме болды.
Қоғамдық көлік қызметкерлері сыпайы болуы тиіс
Бұл бағытта жүргізушілер мен кондукторларға өткен аптада арнайы семинар-тренингтер өткізілген-ді. Мұндағы мақсат – қоғамдық көлік қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттырып, этикалық-эстетикалық қасиеттерін шыңдау. Бұл қадамның азаматтарды қоғамдық көлікте орын алатын түрлі жайсыздықтар мен құқық бұзушылықтардан сақтауға тигізетін әсері мол.
Қоғамдық көлік қызметкерлері сыпайы болуы тиіс
Сондай-ақ, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық автопарк басшыларына маршруттардың тиімділігін арттыру, кестеге сай жүріп отыру, электронды билет беру жүйесіне көшу, автотұрақтарын жаңалау, экологиялық таза отын түрлерін пайдалану және қоғамдық көліктердің бірегей ақ және жасыл түсті үлгісін сақтау туралы нақты тапсырмалар берді.
Қоғамдық көлік қызметкерлері сыпайы болуы тиіс

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz