//
"Қуат жылу орталығы-3" мекемесінде - жаңа басшы Жаңалықтар 

“Қуат жылу орталығы-3” мекемесінде – жаңа басшы

Шымкенттегі “Қуат жылу орталығы-3” мемлекеттік мекемесіне жаңа басшы келді. Бұл жауапты қызметке тағайындалған Нұрсадық Ергешбай бүгін алғашқы жұмыс күнін қарамағындағы мамандармен танысудан бастады.

"Қуат жылу орталығы-3" мекемесінде - жаңа басшы
Нұрсадық Ергешбай

Қаланың бас жылу берушісінің айтуынша, басты міндеттердің бірі – жеке және заңды тұлғалардан тұтынған жылудың төлемін дер кезінде жинау. Аталған мекеме тозығы жеткен жылу жүйелерін жаңалау жұмысын да жалғастырады дейді жаңа басшы. Қордаланған қарыз, кәсіпорынның жоспарлары жайлы мәліметті Нұрсадық Ергешбай тілшілерге шамамен екі аптадан соң беруге уәде берді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz