You are here
Оқыс оқиға 

Әйеліне ВИЧ-індетін жұқтырған азамат сотталды

Шымкенттегі Әл Фараби аудандық сотында СПИД-ке шалдыққан ер адамға қатысты үкім оқылды. Әдеттегіден өзгеше сот үкімінің ерекшелігі сол – айыпталушы өзінің қауіпті вируспен өмір сүретінін біле тұра азаматтық некедегі әйеліне айтпай, жұқтырған.

Ең өкініштісі, “Ғасыр дерті” аталып кеткен ауруды жұқтырған әйелдің 1,5 жасар сәбиі де ана сүті арқылы ВИЧ жұқпасына шалдыққан болып шықты. Тергеу-тексеру құжаттарын саралай келе судья СПИД орталығында тіркеуде тұратын науқасты 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жасазына кесуді үкім етіп отыр. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz