Қазақстан-Түркия форумында 5 меморандум түзілді

339
Қазақстан-Түркия форумында 5 меморандум түзілді

Оңтүстік Қазақстан облысы мен Түркия бизнесмендері енді кәсіпкерлік саласында түрлі жобаларды жүзеге асыратын болады. Бұл туралы Қазақстан-Түркия инвестициялық форумының алғашқы күнінде белгілі болды.

Қазақстан-Түркия форумында 5 меморандум түзілді

Екі жақты ынтымақтастықты арттыру аясында 5 меморандум түзілді. Нақты «Оңтүстік» индустриалды аймағы Түркияның «Ostim» индустриалды аймағын басқарушы компаниясы арасында, Түркиядағы Сакария қаласының сауда-өнеркәсіп палатасы мен ОҚО кәсіпкерлік палатасы және «Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы арасында, сонымен бірге, Түркияның «Volkan Ambalaj» компаниясы мен «Оңтүстік» АЭА» басқарушы компаниясы арасында және Анталия правинциясының денсаулық сақтау басқармасы мен ОҚО денсаулық сақтау басқармасы арасында меморандумдар түзілді.

Қазақстан-Түркия форумында 5 меморандум түзілді

Бұл құжаттар алдағы уақытта қазақ-түрік биснесмендерінің кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін ілгерілетіп, Түркиядағы индустриалды аймақтардың жұмыс тәжірибесімен бөлісуге, тиісінше, біздегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының ерекшеліктерімен түрік кәсіпкерлерін таныстыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан-Түркия форумында 5 меморандум түзілді

Екі жақты қол қою шарасынан кейін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев келісімге келген түркиялық 5 компанияның жетекшілерімен арнайы кездесіп, алдағы бағыт-бағдарды айқындады.

Қазақстан-Түркия форумында 5 меморандум түзілді

Жалпы, соңғы 3 жылда түркиялық әріптестермен құны 33,7 миллион АҚШ долларын құрайтын 4 жоба іске қосылған. Сондай-ақ, жалпы сомасы 2,7 млрд доллар 18 жобаның алтауы түрік кәсіпкерлердің қатысуымен іске асырылуда.

Қазақстан-Түркия форумында 5 меморандум түзілді

Фото: Самат Мырзалиев