Ұялы телефон ұрлап жүрген жігіт ұсталды

559
Ұялы телефон ұрлап жүрген жігіт ұсталды

Шымкентте ұялы телефон ұрлап жүрген жігіт ұсталды. Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері қолға түсірген жігітке бірнеше ұрлық жасаған деген айып тағылып отыр.

Таяуда полицейлерге қала тұрғыны арызданып, базарлардың бірінде жүргенде белгісіз біреулер сөмкесінен ұялы телефоны мен ақшасын ұрлап кеткенін айтқан. Соның салдарынан жәбірленушіге 40 мың теңге шығын келген.

Ұялы телефон ұрлап жүрген жігіт ұсталды

Әл Фараби полиция бөлімінің шұғыл қызметкерлері іздестіру нәтижесінде Леңгір қаласының тұрғынын күдікті ретінде ұстады. 26 жастағы жігіт бұған дейін бірнеше рет сотты болған.

Ұялы телефон ұрлап жүрген жігіт ұсталды

Тергеу барысында күдіктінің кемінде 6 ұрлыққа қатысы бар екенін анықталды. Қылмыстың барлығы да Шымкентте жасалған. Күдікті қоғамдық көлікте немесе адам көп жерде жүріп, тұрғындардың сөмкесін үстеп кетіп отырған дейді тәртіп сақшылары.

Қазіргі таңда қылмысты кодекстің 188-бабына сай іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу-тексеру жалғасуда.