You are here
Алиментке қарызы бар әкелерін енді балалары іздей алады Оқыс оқиға 

Алиментке қарызы бар әкелерді енді балалары іздей алады

Алиментке қарызы бар әкелерін енді балалары іздей алады. Прокуратура қызметкерлері қылмысты азайту бағытында тағы бір жобаны іске қосты. Оған сәйкес кез келген азамат өзінің ұялы телефоны арқылы іздестіруде жүрген қылмыскерлер мен борышкерлердің фотосын көре алады. Өмірде кездестіре қалса, тиісті органдарға хабар беруге мүмкіндік бар.

Алимент өндіру – әрдайым өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, ең алдымен, балалар зардап шегеді. Осыған орай еліміздің бас прокурорының бастамасымен жаңа “Тиімді іздестіру” жобасы іске қосылды. Осы арқылы арнайы мәліметтер базасындағы борышкерлер мен іздеудегі қылмыскерлердің фотосуреттерін жариялай отырып, ақпаратты сервиспен іздеудің тиімділігін арта түседі дейді прокурорлар.

Алиментке қарызы бар әкелерін енді балалары іздей алады

Бұл бағдарлама әр адамға қол жетімді. service.pravstat.kz ақпаратты сервисін ұялы телефонға орнату арқылы, өңірдегі, жалпы еліміздегі қылмыстық ахуалды біле аласыз. Заңды және жеке тұлғалар да өздеріне қажетті мағлұматтарды ала алады.

Айта кетсек, бүгінде облыс бойынша 265 қылмыскер, 244 борышкер және 144 із-түссіз жоғалған азамат іздестірілуде. Енді жаңа мәлімет қоры арқылы оларды табудың мүмкіндігі артуы мүмкін дейді прокурорлар.

Бұл жоба бүгін қалалық әкімдікте де кеңінен таныстырылды. Шымкенттегі төрт ауданның тәртіп сақшылары мектеп пен әкімдік өкілдеріне таныстырған базада ұрлық, тонау, жол-көлік оқиғалары секілді фактілер жинақталған. Бар болғаны service.pravstat.kz. электронды мекенжайына кірсеңіз болғаны. Тиімді жоба қолжетімді, оны еш тіркеусіз-ақ қолдануға болады.

Жиын барысында ақпаратты сервистің жұмысы түсіндірілді. Учаскелік полиция, мектеп қызметкері немесе кез келген ата-ана интернет арқылы Қазақстанның барлық аймағындағы крименогенді ахуал жөнінде мәліметті дер кезінде алып отырады. Бұл -адамдардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында жүзеге асқан жоба дейді құқық қорғаушылар.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz