Асан Пердеш қайда жүр? Нұржан Қалжан ше?

1261

Кезінде әсем әндерімен халықтың көзайымына айналып, хит шерулерде көш бастаған кейбір әншілер үлкен сахнадан көрінбей кетті. Солардың ішінде өңірімізден шыққан жұлдыздар да бар. Оларды бірге іздеп көрелік…

Халық Асан Пердешті «Қара қызым», «Ұмыта алмаймын», «Замира», «Апа» әндерімен таниды. Хит әндерді орындаушысын сұрап редакциямызға оқырмандарымыз жиі хабарласады.

Осы тұста «Асан дәл қазір немен айналысып жүр» деген сауалға продюсері Қайрат Әбдіхалықов жауап берді. Қайраттың айтуынша Асан Пердеш өнердегі жолын тоқтатқан жоқ. Бүгінде Асан аудан-ауылдарды аралап жеке концерт беріп жүр екен. 2016 жылы бірнеше әні жарық көрген. Шақырған жерден қалмай, қолынан келгенше талпынып жүргенін жеткізді. Алдағы уақытта жаңа әндерімен тыңдармандарын қуанта беретінін де айтты.

Инстаграмы: asan_perdeshov

Асан Пердеш қайда жүр? Нұржан Қалжан ше?Тыңармандары іздеп жүрген әншілердің бірі – Нұржан Қалжан. Әуелден халық әндерін шырқаған ол қазақ эстрадасынан өз орнын таба білді.

Әншінің орындауындағы «Бұлбұл құсым» әні әлі күнге дейін ел аузынан тұспей келеді. Бұл ән – әншінің бойтұмары ретінде қабылданды. Өнер иесі жаңа әндер жазбаса да сахнадан тым алыстай қоймаған секілді. Бұл жайлы біз инстаграмдағы парқшасынан қарап білдік.

Телефон нөміріне хабарласқанымызбен, жауап бермеді. Десе де алдағы уақытта тыңдармандарын жаңа әндерімен қуантады деп сенеміз.

Инстаграмы: nurzhan_halzhan

Асан Пердеш қайда жүр? Нұржан Қалжан ше?Бақытжан Мұстафаев «Ана жүрегі» әнімен халыққа кеңінен танылған. Сері жігіттің сахна төрінен көрінбей кеткені не де 4-5 жылдай болды. Осы тұста көптің алдына шықпай жүргендегі себебін біз Бақытжанның өзінен сұрап білдік.

Айтуынша, Бақытжан өнерден жеке бизнес-пен айналысу үшін кеткен. Содан бері ән айтуды қатты сағынған екен. Өнерсіз өмірін елестете алмайтынын түсінген ол қазір екі ән жазып, тіпті оған клип те түсіріп жатқан көрінеді. «Алдағы екі аптаның көлемінде тыңдармандарыма «Айта аламын қалай», «Шымқала» әндерін ұсынамын. Сахнаға қайта ораламын» деген әншіні әзірге инстаграм парақшасынан бақылайық.

Инстаграмы: b_mustafaev_86

Асан Пердеш қайда жүр? Нұржан Қалжан ше?«Мен сені сүйеді екенмін», «Ақ гүлдер» әндерімен халыққа танылған Сырым Исабаев да сахнадан көрінбей кетті.

Халық сүйіктісіне айналған Қайрат Нұртаспен бірге бірнеше дуэт те орындаған әнші тек ән айтып қана қоймай, «Алып қашу операциясы» комедиясында басты рөлді сомдады. Үлкен сахнадан жоғалған әншіні инстаграмнан іздедік. Инстаграмда Сырымның парақшасы бар. Бірақ соңғы екі жылында жариялаған посттарынан «жаңа ән жазып жатырмын» деген жазба кезіктірмедік. Соған қарағанда әнші өнер ауылынан мүлдем алыстаған сияқты.

Инстаграмы: syrym_isabaev

Жанерке ХҰМАР