Ашық есік күнінде қатерлі ісік ауруының алдын алыңыз

787
Ашық есік күнінде қатерлі ісік ауруының алдын алыңыз

Шымкенттегі №3 қалалық емханада ашық есік күні өтті. Қатерлі ісік ауруының алдын алу мақсатында жүргізілген шарада онколог, мамалог мамандар арнайы жолдамасыз азаматтарды қабылдады.

Ашық есік күнінде қатерлі ісік ауруының алдын алыңыз

Кешкі алтыға дейін жалғасқан ашық есік күнінде жалпы 30-ға тарта науқасқа медициналық көмек көрсетілді. Олар емхана базасында дәрігердің қабылдауынан бөлек рентген, УДЗ сынды аппараттарға ақысыз түсті. Айта кетейік, қатерлі ісік ауруының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқанда алдын алу жұмыстары бұл аптада қаланың барлық медициналық мекемелерінде жүргізіледі.

Шекербек Сырбеков, дәрігер-онколог: «Ауырмаған науқастар да бізде алдын алу жұмыстарынан өтеді. Күдік болған жағдайда онкологиялық диспансерге жібереміз. Көбіне қатерлі ісік ауруларының ішінде сүт безінің ісігі көбейген. Әсіресе жас әйелдерде. Сондықтан биыл осы бағытта жұмыстарды күшейтеміз.»