You are here
Шымкентте полиция капитаны пара үшін жазаланды Оқыс оқиға 

Бұрынғы депутаттың жазасы өзгеріссіз қалды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың бұрынғы депутатының жазасы өзгермейді. Облыстық сотқа таяуда Амангелді Сопбековтың ісіне қатысты аппелляциялық шағым түскен болатын.

Арызды қараған алқа мүшелері политехникалық колледждің бұрынғы директорына қатысты қылмысты істің үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Еске салайық, Амангелді Сопбековты былтырғы шілде айында сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері ұстаған болатын.

Тергеушілердің мәліметінше, Амангелді Сопбеков арадағы делдал арқылы облыстық білім басқармасының қызметкеріне 3 млн теңге пара бермек болған. Сол арқылы өзі басқарып отырған политехникалық колледжке бөлінетін мемлекеттік білім грантының санын көбейтпек болыпты.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz