«Эврика» желісі ұтысының жеңімпаздары марапатталды

759

Шымшаһардың тұрғындары бір күнде бес автокөлік ұтып алды. «Эврика» сауда желісі өз тұтынушыларына осындай бағалы сыйлық жасады. Сауда желісі бұл акцияны жаңа жылдың қарсаңында бастаған. Еске салайық, 2016 жылдың 1-ші қарашасынан 2017 жылдың 15-ші қаңтарына дейін дүкеннің әр сатып алушысы көлік ұтып алу мүмкіндігіне ие болған. Енді сол жеңімпаздар марапатталып отыр.

Жолы болған жандар құттықтаулар мен бес бірдей су жаңа көліктерге ие болды. Ал Тойота Королла автокөлігі Анар Ильясоваға бұйырды. Бір ай бұрын «Эврика » дүкенінен тұрмыстық техника сатып алған ару мұндай тосын сыйды күтпедім де дейді. Алғашқы тұлпарының кілтін алуға бойжеткен көрші Тараз қаласынан арнайы келді.

«Эврика» сауда желісінде тағы төрт жеңімпаздың арманы орындалды. Олар Шымкент қаласы мен Ақсукент, Түркістан және Жетысай ауданының тұрғындары. Ал тойото камри автокөлігіне қала тұрғыны Гүлжанат Тастанбаева ие болды.

"Эврика" желісі ұтысының жеңімпаздары марапатталды

Гүлжанат Тастанбаева: «Хабарласып, ұтыс туралы айтқанда сенбегем, тіпті, бірнеше рет қайталап сұрадым. Көлік ұтып алдыңыз дегенде қуанышым қойныма сыймады. Міне, кілт қолымда. Қуаныштымын! Рахмет!»

Мұндай бағалы сыйлыққа «Эврика» дүкенінің кез келген тұтынушы ие бола алады. Сондай-ақ, тұрақты сатып алушыларына дүкен басшылары компьютерлер сыйлады.

Сонымен, алғашқы ұтыс ойынының жеңімпаздары белгілі. Ал «Эврика» сауда желісі тұтынушыларына тосын сый жасаудан шаршаған емес. Жыл бойына түрлі акциялар ұйымдастырып, түрлі жеңілдіктер де қарастырылған. «Эвриканың» Қазақстанның алты облысында дүкендері бар. Компания басшылары алдағы уақытта олардың санын одан әрі де көбейтуді жоспарлап отыр.

Гүлжан Байназарова