//
Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ фронт-офис ашылды Жаңалықтар 

Фронт-офисте 3 айда 32 мыңнан астам қызмет көрсетілді

Шымкенттегі фронт-офисте 3 айда 32 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен үлкен мәжілісте белгілі болды.
Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен кезекті мәжілісте қаланың 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2017 жылға негізгі міндеттер және азаматтардың арыз-шағымдарын қарау мәселесі қаралды.
Жалпы, 2016 жылы қаламызда өнеркәсіп өнімінің көлемі 326 млрд 9 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 4%-ға артты. Өңірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде 3 777 пәтерлі 64 үй және 68 пәтерлі 2 жатақхана салынып, жыл соңына 1302 пәтерлі 35 үй және 2 жатақхана пайдалануға берілді. “Қалған 27 үйдің құрылысы қаржыландыру жоспарына сәйкес 2017 жылға өтпелі” дейді мамандар.
Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ фронт-офис ашылды
Ал ашылғанына 3 айдан асқан фронт-офисте 32 мыңнан аса қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда түрлі мәселелер бойынша күніне шамамен 260-270 азаматқа қызмет көрсетіліп, бір күнде 250-ге жуық арыз-шағым мен өтініш тіркеліп отырады. Олар орындалу үшін күн сайын тиісті аудан және бөлімдерге курьерлық қызмет арқылы жеткізіледі.
Айта кету керек, аталған мекемеде тұрғындар үшін тегін ксерокөшірме жұмыс істейді. Бұл құрал құжат рәсімдеуге осында келген азаматтардың көңілінен шығып отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz