//
Тұрғындар: "Газ-ауа қосындысы жарылған үйіміз - суық" Жаңалықтар 

Газ жарылысы болған үй жөнделуде

Шымкентте газ жарылысы болған пәтер қалпына келтірілуде. Зақым келген өзге баспаналардың ақаулары да жөнделіп жатыр. Шарапатты шараға жапа шеккен тұрғындарға көмек беру үшін демеушілер іздестірген Еңбекші аудандық әкімдігінің өкілдері мұрындық болуда.

Тұрғындар: "Газ-ауа қосындысы жарылған үйіміз - суық"

Екі бөлмелі көрші пәтердің жарылыс кезінде қабырғалары зақымданған. Опырылып қалған қабырға қазір қалпына келтіріліп, есіктер ауыстырылып жатыр. Пәтер иесінің айтуынша, оқыс оқиға кезінде бір бөлменің терезесі сынып кеткен. Құрылысшылар оны да жаңалап беріпті.

Газ жарылысы болған пәтерде жиһаздар бүлініп, қабырғалардағы түсқазадан да дым қалмапты. Есік-терезе қирап, баспананың астаң-кестеңі шыққан. Демеушілер жарылыс кезінде зақымданған көрші пәтерлерді қалпына келтіріп болған соң, бұл баспанаға күрделі жөндеу жүргіземіз деп отыр.

Жергілікті билік өкілдері 3-қабатта болған жарылыстан 5 пәтердің қабырғалары қақырап, есік-терезесіне зақым келген деп отыр. Бір подъезді алып кеткен газ жарылысының себебін енді арнайы комиссия анықтайды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz