//
Көмір таситын вагон тапшы Жаңалықтар 

Көмір таситын вагон тапшы

Шұбаркөлдегі вагондар тапшылығы салдарынан Оңтүстікке көмір жеткізу мәселесі күрделі болып тұр. “Азамат -R” ЖШС басшылығы алдын ала төлемдердің жасалып қойғанын да айтады. Бұл мекеме облыстағы 150-ге жуық жылыжай мен жеке үйлерге қажетті қатты отынды тасымалдайды. Қазір жұмыс тоқтап тұр.

Көмір таситын вагон тапшы

Қатты отынмен қамтуды міндетіне алған шымкенттік серіктестіктердің бірінде Шұбаркөлден жеткізілген көмір барлығына беріліп жатқан жоқ. Алдымен тек келісім-шартқа тұрған өндіріс орындары мен жылыжайларға ғана босатылуда. Себебі, тауарды тасымалдау қиын боп тұр.

Бұл жағдайға облыс әкімдігі де, сала министрлігі де қанық. Бірақ, әлі шешімін тапқан мәселе жоқ. Тілшілер араласса ғана вагондар табылуы мүмкін дейді мұндағы мамандар. Өйткені, бұған дейін де солай болған.

Ануар Томанов, “VIP-M” ЖШС менеджері: “Көмір жоқ. вагон тапшылығы. Адамдар наразы. Телефон соғып, қашан түседі деп сұрауда.”

Көмір таситын вагон тапшы

Құрсай шағынауданының тұрғыны Пердегүл Батырқұлованың қыстыгүні көмір күтіп сарсылғанына бір ай болды. Көпбалалы ана тоңып қалмас үшін ағаш жағып күнелтуде. Ел қатарлы табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндігі жоқ, еш болмаса қатты отынның қорын жасауға да қаржы қолбайлау болып тұр дейді. Ол аз дегендей, қазір сол көмір де тапшы.

Көмірді Убайдулла Лакимов та күтіп жүр. Жылыжаймен айналысатын Тұрбат елдімекеніндегі шаруаларға осыған дейін 1 мың тонна қатты отын жеткізілген екен. Енді қалған бір тоннасын ала алмай жүр. Отынның қашан босатылатынын ешкім дөп басып айта алмайды.

Жекеменшік тұрғын үй секторына көмір тасымалдайтын көлік жүргізушілерінің табысы да сол көмір қорына тәуелді. Вагондармен отын мол келсе, бұларға да бір-екі тоннадан тиеді. Алайда ақпан айы басталғалы жағдай мүлдем қиындаған.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz