You are here
Көне Хантағы ауылы көркеюде Жаңалықтар 

Көне Хантағы ауылы көркеюде

Кентау қаласының іргесіндегі 6 мыңнан астам халқы бар Хантағы ауылының жағдайы жақсарып келеді. Былтыр жергілікті бюджеттен бөлінген 58 млн теңгеге өткен ғасырдың 40-шы жылдары салынған Ащполиметалл комбинатының ескі ғимараты жаңаланды.

Көне Хантағы ауылы көркеюде

Кеңес Одағынан жөндеу көрмеген орталық алаң да ретке келтірілді. Мұнда Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш орнатылған. Ардагерлердің ерлігіне арналған Даңқ аллеясы да бой көтерді. Бүгінде Хантағыда Ұлы Отан соғысының 1 ардагері мен 160-тан астам тыл еңбеккері тұрады. Биыл да мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңару жұмыстары жалғасады.

Самат Расул, Хантағы ауылының әкімі: » Хантағы ауылын көріктендіруге былтыр бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. 80 млн теңгеге ауылдағы тозығы жеткен негізгі көшелер жөнделді. Бұл жұмыстар «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020( бағдарламасы аясында жүзеге асты. Бір мыңнан астам үйлі ауылда 15 көше бар. Биыл қалған көшелер кезегімен реттеледі.»

Хантағы ауылы әкімінің айтуынша, биыл қараусыз қалған ғимараттардың бірі жөндеуден өтеді. Онда балаларға арналған клуб жұмыс істейді. Ең маңыздысы, мұндағы үйірмелер, спорт секциялары  тегін болмақ.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz