You are here
Мәскеудің су циркі - Шымкентте Компания жаңалығы 

Мәскеудің су циркі — Шымкентте

Мәскеудің ең танымал циркі Шымкентке гастрольмен келді! Ресейлік әртістер өнерін су үстінде көрсетіп, жерлестерімізді таңқалдырмақ.

Мәскеудің су циркі - Шымкентте

Су толтырылған үлкен хауыз, лазерлік шоу, акробаттар мен клоундар. Әсіресе, үйретілген су жануарларын көргенде таң-тамаша боласың! Ресейлік өнерпаздар хауызда жүзіп жүрып, ән айтып, би билеудің хас шебері екенін паш етті. Қолтырауынмен айқас, майрампаздың күлдіргі ойындары жиналғандарды бей-жай қалдырған жоқ.

Су циркі бағдарламасына тәнті болған көрермен мәскеулік әртістердің қойылымдарын көз алмай тамашалады. Әсіресе, теңіз арыстандарының нөміріне еріксіз тамсанасың. Кештің басты кейіпкері де осылар. Ерекше су жануарын көрген балалар мәз-мейрам.

«Көрермен мол жиналған залды көріп, қуана-қуана өнер көрсеттім. Бізге демеу болып отырды. Әдетте ресейлік көрермендер мұндай белсенділік танытпайды. Бұл қолдау жануарларға да әсер етеді. Олар өте сезімтал. Сондықтан бүгінгі нөміріміз жақсы шықты.»

Айта өтейік, «Тілек мұхиты» судағы циркі біздің қаламызда 26 ақпанға дейін болады. Көп естігеннен бір рет көрген артық дегендей, қапы қалмаңыздар!

Әлімхан Дүйсенғалиев

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz