//
ОҚО әкімі аппаратының басшысы тағайындалды Жаңалықтар 

ОҚО әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев әкім аппаратының басшылық құрамы мен басқарма басшыларына жаңа тағайындалған аппарат басшысын таныстырды. Қазақстан Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша ОҚО әкімінің өкімімен облыс әкімі аппараты басшысы лауазымына Әуелхан Елтайұлы Тұрғынбеков тағайындалды.

ОҚО әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Облыс әкімі аппаратының алдында тұрған  шешілуі тиіс мәселелерге тоқталған өңір басшысы тағайындалған аппарат басшысына жаңа міндеттер жүктеді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

– Әуелхан Елтайұлының осыған дейін де облыс әкімі аппараты басшысы болғанын білесіздер, сондықтан оның жинақтаған мол тәжірибесі алдағы жұмысына  үлкен көмегі тиетін  болады. Осыны ескере отырып, облыс әкімі аппараты қызметіндегі өзекті мәселелерге терең талдау жасап, жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету, кадрлық құрамды нығайту және тәртіпті күшейтуді. Мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестациялау іс-шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыруды, Президент әкімшілігі, премьер-министр кеңсесі және өзге де жоғары органдардан келіп түсетін тапсырмалардың, облыс әкімі тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, аудан әкімдері  мен облыстық басқармалардың арасында өзара іс-әрекеттестік деңгейін арттыруды тапсырып, осы жұмыстарды тиісті деңгейде іске асыратыныңа сенім білдіремін, – деді облыс әкімі.

ОҚО әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Әуелхан Елтайұлы 1959 жылы 29 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-механик, инженер-экономист.

Еңбек жолын 1981 жылы Шымкент облысы Ленгір ауданы «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігінің аға инженер-технологы ретінде бастаған. Кейін аудандық және облыстық комсомол ұйымдарында, жергілікті атқарушы органдарда басшылық қызметтерде еңбек етіп, Төлеби, Шардара, Сайрам аудандарының әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Түлкібас ауданының әкімі болып қызмет атқарып келді.

Фото: Самат Мырзалиев

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz