//
ОҚО-да «Бірыңғай экспорт стратегиясы» әзірленуде Жаңалықтар 

ОҚО-да «Бірыңғай экспорт стратегиясы» әзірленуде

Оңтүстік Қазақстанда «Бірыңғай экспорт стратегиясы» әзірленуде. Бұл туралы өңірімізге инвестиция тарту мақсатында ұйымдастырылған қазақ-түрік инвестициялық форумында сөз алған өңір басшысы хабарлады.

ОҚО-да «Бірыңғай экспорт стратегиясы» әзірленуде

Жансейіт Түймебаев Президент Жолдауында жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында экспорт стратегиясы бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірленіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеу қажеттігіне тоқталды.

ОҚО-да «Бірыңғай экспорт стратегиясы» әзірленуде
Жансейіт Түймебаев

 

– Бұл тұста Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты атап өткім келіп отыр. Бүгінде Анкара Астананың саяси және экономикалық тұрғыдағы ең жақын және сенімді серіктесіне айналды. Түркия қазіргі таңда экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі дамыған жиырма елдің қатарында. Әсіресе соңғы жылдары құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, фармацевтика, медицина салаларында аса белсенділік танытып, Қазақстанда және Оңтүстік Қазақстан облысына да өзінің даму үрдісін ұсынып келеді, -деді әкім.

Айта кетейік, Түркия қазіргі таңда экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі дамыған 20 елдің қатарында. Ұйымдасқан индустриялық аймақ құру бойынша бай және сәтті тәжірибе жинаған республика. Бүгінде Оңтүстіктегі түркиялық фирмалар мен компаниялардың саны 30-ға жетіп отыр. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың жоғары дәрежеде дамып отырғанын көрсетеді.

ОҚО-да «Бірыңғай экспорт стратегиясы» әзірленуде

Ал Оңтүстік Қазақстан облысы – 3 миллион халқы бар, мықты экономикалық әлеуеті зор, серпінді дамып келе жатқан өңір. Сонымен қоса облыс Азия мен Таяу Шығысты және Еуропаны байланыстырып тұрған Батыс Европа – Батыс-Қытай автомагистралінің маңында орналасқан. Сондықтан Оңтүстік өңірі экспорт бағдарлаушы өндіріс пен шекаралық сауданың дамуын қамтамасыз етуге күш салады.

ОҚО-да «Бірыңғай экспорт стратегиясы» әзірленуде

Форумда аймақ басшысы облыстың даму жетістіктеріне тоқталып, түрік кәсіпкерлерін алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Жиында сондай-ақ, Түрік кеңесі бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман, Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, Түркия ұлттық экономика министрінің кеңесшісі Тарык Сонмез, Түркиядағы «OSTIM» индустриалды аймақтарды басқару және құру халықаралық операторының басқарма төрағасы Орхан Айдын, Түркияның Сакария қаласындағы сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Махмут Косемусул баяндама жасады. Инвестициялық форум барысында екі жақты ынтымақтастықты арттыру мақсатында меморандум түзілді.

Фото: Самат Мырзалиев

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz