You are here
Оңтүстік дәрігерлері артық салмақты науқастарды жаңа тәсілмен емдейді Жаңалықтар 

Оңтүстік дәрігерлері артық салмақты науқастарды жаңа тәсілмен емдейді

Оңтүстіктің дәрігерлері артық салмақтан зардап шегетін науқастарды емдеудің жаңа тәсіліне көшті. Мұның бір себебі, Қазақстанда халықтың жартысына жуығы артық салмақ пен семіздіктен зардап шегіп отыр. Күнгейде де бұл статистика мәз емес. Диспансерлік есепке алынғандар саны 4 мыңнан асып жығылады. Ақ халаттылар семіздікті ауру деп санамайтындар көп екенін айтады.

Оңтүстік дәрігерлері артық салмақты науқастарды жаңа тәсілмен емдейді

Қазіргі таңда облыстық эндокринология диспансерінде арнайы палата ашылған. Мұндағы мамандар науқастарды жаңаша әдіспен емдеп жатыр. Яғни, дәрігерлер науқастарға тек дәрі-дәрмек берумен шектелмейді.

Базаркүл Қамысбаева, бөлім меңгерушісі: «Қазіргі таңда жаңа медикаментті препарттар қолданып, емдеп отырмыз. Біріншіден — емдік тағамдар, одан кейін дене шынықтыру және жаңадан шыққан заманауи емдік препарттар. Ерекшелігі сол — адамды тоқ етіп, тағамға деген тәбетін басады. Салмақ тастауы да жақсы нәтиже беруде.»

Артық салмақтан зардап шегіп жүргендердің бірі — Міркәрім Усманов. Жасы 53-тегі азаматтың салмағы қазір 160 келі. Алғашында толып бара жатқанына аса мән бермегенін айтады. Сосын қант диабетіне шалдыққан. Сөйтіп жүріп 185 келіні жинап алады. Бүгінде Міркәрім аға тек семіздікпен күресіп жатқан жоқ. Жүрегі де сыр беріп, облыстық энокринологялық диспансерде қайта-қайта ем алуға мәжбүр.

Міркәрім Усманов, қала тұрғыны: «1985-86 жылдардан бастап салмақ қоса бастадым. Дер кезінде дәрігерге қаралдым. Бірақ қазіргідей «Виктоза» секілді дәрілер болған жоқ. Дәрілерді ай сайын алып, осы жерге келіп емделіп тұрамын. Қазір 40 келі тастадым. Дегенмен, жүруім, отырып-тұруым қиын.»

Әлемде эпидемиялық індетке айналған кеселдің алдын алмаса болмайды деп дәрігерлер дабыл қағады. Себебі, семіздіктен бүкіл ағзаның қызметі бұзылады. Дұрыс тамақтанып, қимыл-қозғалысты көбейтпесе, ағзадағы аурудың саны күрт өсуі әбден мүмкін.

Айгүл Керімқұлова

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz