You are here
Оңтүстікте үкіметтік емес ұйымдар қайта оқудан өтуде Жаңалықтар 

Оңтүстікте үкіметтік емес ұйымдар қайта оқудан өтуде

Аудандардағы үкіметтік емес ұйым өкілдері қайта оқудан өтеді. Бұл жобаны USAID халықаралық даму жөніндегі агенттігі қаржылай қолдап отыр. Іс-шараның күнгейде жүзеге асыруын “Береке” қоғамдық бірлестігі қолға алған. Осы мақсатта бірлестік мүшелері аудандардағы үкіметтік ұйымдардың басын қосып, семинар жұмыстарын бастап кетті.

Оңтүстікте үкіметтік емес ұйымдар қайта оқудан өтуде

Тренингке қатысушыларға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жоспар түзуді, жұмысты ұйымдастыруды, мемлекеттік және өзге де органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас түзуді үйретуде. Семинарға үкіметтік емес ұйымдардан бөлек қоғамдық және мемлекеттік департамент өкілдері қатысуда.

Роза Абдуллаева, «Береке» қоғамдық бірлестігінің төрайымы: “Қазір қырық үкіметтік емес ұйыммен тікелей жұмыс істеп жатырмыз. Бағдарламаның мақсаты, ең біріншіден, осы ұйымдардың әлеуетін дамыту. Соның ішінде ұйымдағы саясат, құжаттар және есептік қағаздары бар. Соны дұрыс жүргізу.”

Айта кетейік, “Береке» қоғамдық бірлестігі былтыр да осындай оқыту жұмыстарын өткізген. Енді биыл да жалғасын тапқан бастама арқылы қоғамның белсенді бірлестігі ауыл-аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандырмақ.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz