//
Спорт 

Оңтүстікте 700 мыңнан астам адам спортпен тұрақты шұғылданады

Оңтүстікте 700 мыңнан астам адам спортпен тұрақты шұғылданады. Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Әлібек мәлім етті.

Оның айтуынша, бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2016 жылы облыс аумағында 4849 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 550 мыңнан астам адам қатысса, оның ішінде ауылды жерлерде ұйымдастырылған 3151 спорттық шараға 362 975 азамат қамтылған. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 708 884 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 24,7 пайызға  жетіп отыр. Ауа райы қолайлы, қысы жылы болатын өңірде спортпен шұғылданамын деген азаматтарға бүгінде барлық жағдай жасалуда.

Мәселен, 2016 жылы қала, аудандарда демеушілер есебінен 52 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, елдімекендерде жергілікті бюджет, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында және «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы аясында облыс көлемінде жалпы 116 спорт алаңшасы салынды.

Шардара ауданы мен Түркістан қаласында спорт кешендері ашылды. Ал, Шымкент қаласында барлық санаттағы азаматтарға дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін Жеңіс, Тәуелсіздік саябақтары мен Нұрсәт шағынауданы мен Наурыз алаңында «Street Workout» спорттық қозғалысына арналған 4 арнайы алаңша стандартқа сай салынып, халық игілігіне берілген.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz