//
Оңтүстікте тәулігіне 60 тонна ет экспорттайтын комбинат ашылды Жаңалықтар 

Оңтүстікте тәулігіне 60 тонна ет экспорттайтын комбинат ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында алғаш рет иран инвесторларының қатысуымен ірі көлемде ет және ет өнімдерін дайындайтын жаңа комбинат ашылды. Мұнда тәулігіне 3000 ұсақ мал мен 200 ірі қара сойылып, әзірленеді. «Қайып ата» серіктестігінің еншілес қожалығы болып табылатын «Юко-Эко-Food» ет комбинаты бұл жобаны Иран кәсіпкерлерімен бірге бастап отыр.

Оңтүстікте тәулігіне 60 тонна ет экспорттайтын комбинат ашылды

Тамақ өнеркәсібін дамытуға септігін тигізетін комбинаттың ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Иран Ислам республикасының ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Мирлоги Сейедалиакбар Агареза қатысты.

Оңтүстікте тәулігіне 60 тонна ет экспорттайтын комбинат ашылды

 

Аумағы 15 га ет комбинатының 2000 шаршы метрден астам жерінде өндірістік құрылым орналасқан. Кәсіпорын толық қуатына шыққанда 5 мың ұсақ мал еті өндіріліп, жергілікті 350 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек. Германиялық технологиямен жабдықталған комбинатта мал сою процесі саты-сатымен жүргізіледі.

Оңтүстікте тәулігіне 60 тонна ет экспорттайтын комбинат ашылды

Айта кету керек, жобаның инвестициялық құнының 75 пайызын ирандық инвесторлар салған. Ол елде етке деген жылдық қажеттілік 2 млн 400 тоннаны құрайды екен. Соның бір бөлігін қамту мақсатында екі тарап күніне 3000 ұсақ мал еті мен 100 ірі қара етін алу үшін келісім-шарт жасасты. Яғни, күніне 60 тоннадан астам экологиялық таза ет Иранға экспортталмақ.

Оңтүстікте тәулігіне 60 тонна ет экспорттайтын комбинат ашылды

Бұл келісім өз кезегінде ел экономикасына оң ықпалын тигізіп, Елбасының ет экспортын арттыру міндетін жүзеге асырудың айқын дәлелі болып табылады дейді жауаптылар.

Бұл күні екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев Иран ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Мирлоги Сейедалиакбар Агареза бастаған делегациямен кездесті. Жиын барысында тараптар бірлескен кәсіпорындар құру, технологияларды жетілдіру, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту жайын сөз етті.

Оңтүстікте тәулігіне 60 тонна ет экспорттайтын комбинат ашылды

Өңір басшысы қонақтарға аймақтағы іскерлік және инвестициялық ахуал мен шетелдік инвесторларға көрсетілетін жеңілдіктерді түсіндірді.

– Облысымызда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан түрлі тиімді жеңілдіктер қарастырылып, инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалынуда. Әкімшілік кедергілер де мейлінше азайтылып отыр. Иран ауыл шаруашылығы саласында үлкен мүмкіндіктерге ие мемлекет екенін жақсы білемін. Сондықтан бұл бағыттағы бірлескен жобалар болашақта өз жемісін береді деп сенемін, – деді әкім.

Өз кезегінде шетелдік қонақ Иранда қазақстандық экологиялық таза өнімге сұраныстың жоғары екенін айтып, екі ел үшін де тиімді болатын жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

Фото: Самат Мырзалиев

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz