//
ОҚО прокуроры әлеуметтік саладағы былықты сынға алды Жаңалықтар 

Оңтүстіктің прокурорлары 2016 жылды қорытындылады

Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорлары өткен жылда атқарған жұмысын қорытындылады. Тындырылған іс көп, ал атқарылған жұмыс та жетерлік деген құзырлы орган көілдері бұл жиында жыл бойы өткізілген 12 жобаның сапасын талдап, маңыздылығын талқылады. Айта кету керек, облыстық прокуратура 2016 жылы төрт мыңнан астам қылмысты іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдап, жалпы ел аумағындағы ең жоғарғы көркішке ие болып отыр.

ОҚО прокуроры әлеуметтік саладағы былықты сынға алды
Ибрахим Иманов, ОҚО прокуроры

Соңғы 7 жылдан бері миллионға тарта тұрғыны бар Шымкент қаласында қылмыс динамикасы тұрақты түрде өсіп келген. Олардың ішінде құқық бұзушылықтың басты бөлігі ұрлық пен алаяқтық болғандықтан, “Шымкент- қауіпсіз қала” жобасы қолға алынды. 4 ай көлемінде жоба өз нәтижесін көрсетіп, бүгінде қылмыс деңгейі 7 пайызға кеміді. Осыған орай облыс прокуроры бүгін өткен жылғы жұмыстарын саралап, биылғы іс-шараларлы бекіте отырып, жұмысты күшейту қажетігін айтты.

Сондай-ақ, мәжілісте сөз алған бас прокурор Ибрагим Иманов Елбасының Қазақстан халқына жолдауына тоқталып, жолдауда айқындалған бес басым бағыттарды орындау үшін қадағалау орган өкілдерінің алдындағы мақсат міндеттерді атап өтті.

Жиын барысында халық сенімінен шығудың басты жолы азаматтардың өтініштерін сапалы қарау арқылы, құқығын қорғау екенін түсіндіре кеткен Ибраһим Иманов, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді жоюда жұмыс атқара беретіндерін айтты. Яғни, прокурорлар “Төзімді қоғам”, “Мал ұрлығына тиімді тосқауыл” және тағы басқа жаңа жобаларды жүзеге асырмақ.

Гүлжан Байназарова

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz