Оңтүстікте Универсиада жеңімпаздары марапатталды

568
Оңтүстікте Универсиада жеңімпаздары марапатталды

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Алматы қаласында өтіп жатқан бүкіләлемдік 28 қысқы Универсиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғап, Универсиада ойындарындарында жеткен жетістіктері үшін саңлақтарға әкім алғысын білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді. Алғыс хатпен марапаттап, қаржылай сыйлық табыс етті.

– Универсиада Қазақстан Республикасының ұлттық жобасы және еліміздің 25 жылдық тарихындағы ең ірі мультиспорттық іс-шараға бағаланып отыр. Бұл тарихи жеңіске бүкіл Қазақ елі мен Елбасымыз және үш миллионға жуық тұрғыны бар Оңтүстік жұрты да ерекше қуанышқа бөленді. Спортшыларымыздың көмегімен әлемдік байрақты бәсекеде еліміздің көк байрағы желбіреді. Сіздер біздің жігерлі күрес пен асқақ жеңістерге толы ұлттық рухымызды паш еттіңіздер. Жеңістеріңіз спортты дамытуға барлық жағдайды жасаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың спорт саласына деген қамқорлығының және қолдауының жарқын дәлелі, – деді аймақ басшысы.

Оңтүстікте Универсиада жеңімпаздары марапатталды

Алматы қаласында өтіп жатқан жарыстың бірінші күні ел қоржынына фристайлдың акробатикасында Жібек Арапбаева күміс медаль ұтып алса,  Жанбота Алдабергенова қола медалге қол жеткізіп, ел құрамасын командалық есепте төртінші орынға шығарды. Ал 31 қаңтар күні Жанбота мен Бағлан командалық сайыста чемпион атанып, алтын медалға  қол жеткізді.

Оңтүстікте Универсиада жеңімпаздары марапатталды

Жерлестеріміздің Универсиада төрінде жасаған үлкен ерліктері үшін І орын алған спортшыларымызға үш миллион теңге, ІІ және ІІІ орын алған спортшыларымызға екі миллион теңге, ал жаттықтырушы Мұрат Аблятифовқа 2 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.

Оңтүстікте Универсиада жеңімпаздары марапатталды

Өз кезегінде спортшыларымыз алдағы Олимпиада ойындарында да жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, еліміздің көк байрағын желбірететіндеріне сенім білдірді. Сонымен қатар, спорттық додада қолдау көрсетіп, шынайы жанкүйер бола білген барша қазақстандықтар мен Оңтүстік жұртына шынайы алғыстарын жеткізді.

Оңтүстікте Универсиада жеңімпаздары марапатталды

Фото – Самат Мырзалиев