You are here
Олжас Сүлейменов - ОҚМУ құрметті профессоры Жаңалықтар 

Олжас Сүлейменов – ОҚМУ құрметті профессоры

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполовпен кездесті. Онда облыс әкімі аймақтың экономикалық жағдайын, мәдениет, руханият саласындағы атқарылған жұмыстарды сөз етті.

– Сіздің еліміздің руханият саласына сіңірген еселі еңбегіңіз бен шығармашылығыңыз болашақ зиялы қауым мен бүгінгі жастарға үлкен өнеге. Елбасы сіздің ерен еңбегіңізді ерекше бағалап, 80 жылдық мерейтойыңызда «Қазақстанның еңбек ері» алтын жұлдызымен марапаттағанын білеміз. Бұл сізге көрсетілген лайықты құрмет пен баға деп білемін. Сіз қазақ зиялыларының көшін бастап отырған тұлғаларымыздың бірісіз. Сондықтан сіздің Оңтүстікке атбасын бұруыңызға ерекше қуаныштымын, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Ақын Олжас Сүлейменов өз кезегінде облыс әкімінің ыстық ілтипатына алғыс білдіріп, еліміздегі мәдениетке қолдау білдіріп, әдебиетті дамыту, татулық пен азаматтық келісімді нығайту мақсатында қоғамдық жұмыстардың маңызды рөл атқаратынын тілге тиек етті.

Олжас Сүлейменов - ОҚМУ құрметті профессоры

– Оңтүстік – мен үшін орны ерекше өлке. Мұндағы халықтың ыстық ықыласы жан жадыратады. Жері шұрайлы, елі шырайлы өлкенің даму қарқыны бәсеңдемей, өркендей түсетініне кәміл сенімдімін. Жұмыстарыңызға табыс, еңбектеріңізге жеміс тілеймін, – деді Олжас Сүлейменов.

Олжас Сүлейменов бұдан кейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне барды. Өлеңдерін орыс тілінде жазатын ақын, сондай-ақ, ядролық қару-жарақтарды қолдануға қарсы шыққан қоғам қайраткеріне бұл күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағы берілді.

Төсбелгіні оқу орнының ректоры Мырхалықов Жұмахан тақты. Олжас Омарұлы мұндай құрмет көрсеткен оқу орнына рахметін айтып, түркі және славьян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған «Аз и Я» кітабын университет кітапханасына сыйға тартты.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz