You are here
Жаңалықтар 

Орта санаттағы медбикелер де қайта даярлаудан өтеді

Енді орта санаттағы медбикелер де қайта даярлаудан өтеді. Медицина мамандары емхана мен ауруханаларға барып, тәжірибе алмасады. Семинардың алғашқы күнінде олар облыстық балалар ауруханасына жиналып, алдымен теорияға қанықты, дәріс алды.

Бүгінде өңірде 22 мыңнан аса медбике бар. Олардың басым бөлігі жекеменшік колледждерде білім алғандықтан, біліктілігі жоғары дей алмаймыз дейді салаға жауаптылар.

Шалғай ауылдардан келген медбикелер Шымкенттегі орталық емхана мен ауруханалардың жұмыс барысымен танысты. Әсіресе орта санаттағы мамандарға ауылды жерлерде жоқ медициналық құрылғылар көрсетіліп, емдік терапияда олардың іске асырылуы түсіндірілді.

Бұл оқу-семинарлары медбикелердің біліктілігін арттыру мақсатында жүргізілуде. Өйткені орта санаттағы мамандардың көбі жекеменшік колледждерде білім алған. Ал мемлекеттің меншігіне қарамайтын бұл оқу орындары талапқа сай келмейді дейді салаға жауаптылар.

Жекеменшік медициналық колледждердің бұл мәселесі жақын арада шешілмейтін сияқты. Өйткені оқу орындарындағы техникалық база мен білім сапасын көтеру үшін үкімет өз қарамағына алуы тиіс. Дегенмен, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жекеменшік колледжді бітірген мамандарды жұмыссыз қалдырмай деп отыр. Олардың біліктілігін арттыру үшін барынша жағдай жасамақ.

Айта кетейік, семинарға қатысқандар – аға медбикелер. Олар облыстың барлық аудандарынан жиналған. Үш күнге созылатын шараның соңында мамандарға оқығаны жөнінде сертификат беріледі.

Лаура Нақыпқызы

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz