«Отырар-ТВ» телеарнасында су жаңа жоба – «Stand Up Show»

Шымқалада тұңғыш рет жаңа «Stand Up SHow» жобасы қолға алынды. Жобаға қаламыздың ең үздік, ең талантты әзілқойлары қатысады. Олар арнайы сіздер үшін «Отырар» телеарнасында көрсетілетін «StandUpShow»-да әзіл додасына түседі. Жобаның сайыстың бірінші кезеңі «Дипрум» клубында өтті. Қатысушылар мұнда арнайы іріктеу арқылы жолдама алған. Алғашқы көрсетілім, ертең, яғни 14 ақпан күні телекөрерменге жол тартады.

Асқар Дайыр, «Diproom» клубының директоры: «Жобаның идеясы керемет. Шынымды айтсам, бізде мұндай таланттар бар екенін білмеппін. Таңқалып отырмын. Жобаға атсалысып отырғанымызға өте қуаныштымыз. «Дипрум» клубын таңдағаны үшін «Отырар» телеарнасынасына алғысымды білдіремін.»

Рашид Аюпов, Шымкент қаласы әкімдігінің аппарат басшысы: «Шымкентте бүгін бірінші рет стендап өтіп жатыр. Бірінші рет өткенмен, де өте жоғары деңгейде. Қатысушылардың дайындығы керемет. Үлкен жетістік деп ойлаймын.»

Жарыстың ең жас қатысушысы 18-де, ал ең үлкені – 35-те. Араларында өнерге жаңа аяқ басқан жас таланттар да, кәсіпқойлар да бар. Сонымен, қызыққа толы «Stand Up Show”-ды тамашалаймын десеңіздер, «Отырар» телеарнасын қосыңыз.