Сайрам ауылында ауызсу тапшы

452
Сайрам ауылында ауызсу тапшы

Шымкенттің іргесіндегі Сайрам ауылының тұрғындары ауызсуға жарымай отыр. Тұрғындар күніне тіршілік нәрі тек бірер сағатқа беріледі дейді. Қысым төмен болғандықтан, күнделікті суымызды толтырып үлгермейміз дейді жұртшылық.

Сайрам ауылында ауызсу тапшы

Қаратаевтар отбасы күні бойые кранды қарайлаумен болады. Небәрі бірер сағатқа берілетін тіршілік нәрін ыдыстарға толтырып алу қажет. Қысымының аз болғанынан кейде тіпті күнделікті қажетті суымызды алып үлгере де алмаймыз дейді сайрамдықтар. Ондай кездері тұрғындар шелек көтеріп, су іздеп кетуге мәжбүр.

Ауылдықтардың айтуынша, Сайрам елдімекенінде су мәселесі жылдар бойы шешімін таппай келеді. Жекеменшіктегі жарықтың да қуаты су қысымын реттеуге жетпейді дейді жұртшылық. Айтуыларынша, соңғы кездері тозығы жеткен электр желілері жиі сыр беріп, жұрт жарыққа да жарымай, су да таппай қалады. Ал жергілікті билік өкілдерінің сөзіне сенсек, су жүйелерін ретке үшін жаңарту жұмыстары биыл басталады.

Шымкент қаласы аумағына енген Сайрам ауылының тұрғындары тәулік бойы берілетін ауызсу жүйесінің қалпына келтірілуін асыға күтуде. Ал сол жаңарту жұмыстарына дейін сағаттап берілетін тіршілік нәрімен күнелтуге мәжбүр.

Мақпал Рысбаева