You are here
Сарыағашта букмекерлік кеңсе қызметкері өзін-өзі тонаған Оқыс оқиға 

Сарыағашта букмекерлік кеңсе қызметкері өзін-өзі тонаған

Оңтүстікте тағы бір жалған қылмыс әшкереленді. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. 1 ақпан күні Сарыағаш ауданындағы полицейлерге суыт хабар түсті. Мұнда букмекерлік кеңсе тоналған деп хабарлайды жәбірленуші.

Сарыағашта букмекерлік кеңсе қызметкері өзін-өзі тонаған

Жиырма үш жастағы қызметкердің полицейлерге хабарлағанындай, кеңсеге бетін бүркеген біреулер кіріп келіп, пышақпен қорқытыпты. Содан кассадан 1,5 миллион теңгені алып кеткен.  Полиция “Қарақшылық” бабы бойынша қылмысты іс қозғап, тексеруді бастайды.

Дегенмен, кейіннен полицияға хабарласқан қыздың шындықты жасырғаны белгілі болды. Ұрланған ақша соның өзінен табылған. Полицейлердің айтуынша, қызметкер кеңсені өзі тонапты. Қазір сот алдындағы тергеу ісі жалғасуда.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz