Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бастығы ұсталды

1174
Шымкентте полиция капитаны пара үшін жазаланды

Шымкентте полиция капитаны пара үшін жазаландыОңтүстікте Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бастығы ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстағы өкілдігіне сілтеме жасаған «Айғақ» порталы хабарлайды.

Аудандық білім бөлімінің бастығы пара алу кезінде ұсталған. Бұл ақпаратты Сарыағаш ауданының әкімдігі де растап отыр. 47 жастағы басшы аудандағы орта мектептердің бірінің директорынан 470 мың теңге пара алды деп күдіктеліп отыр.

Аудандық білім бөлімінің басшысы бұл ақшаны директорға «қамқорлық» жасап жүру үшін алмақ болған. Айта кету керек, ұсталған азамат бұл лауазымға 2016 жылдың маусым айында тағайындалған. Бұған дейін облыстық білім басқармасында қызмет атқарған.