You are here
Шымкент әкімі халық алдында есеп берді Жаңалықтар 

Шымкент әкімі халық алдында есеп берді

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халық алдында 2016 жылы атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді. Жиналыста қаланың даму концепциясын іске асыру барысындағы атқарылған жұмыстар жайлы айтылды. Ең алдымен қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді шешу болса, екіншіден — қаланы көріктендіру және көгалдандыру, ал үшіншіде бизнеске жағдай жасау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жайлы айтылды.

Шымкент әкімі халық алдында есеп берді

Қаланы абаттандыру және көріктендіру мақсатында өткен жылы шет аймақтағы елдімекендерге көп көңіл бөлінді (Мәртөбе, Сайрам, Қарасу елдімекендеріндегі саябақтар қайта құрылды). 2016 жылы «Нұрлы жол», «Индустриялық-инновациялық даму», «Өңірлерді дамыту» бағдарламаларын іске асыру арқылы біршама жақсы көрсеткіштерге қол жетті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкент әкімі халық алдында есеп берді

Мәселен, өнеркәсіп өнімінің көлемі 327 млрд теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 4 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 23 пайызға, пайдалануға берілген үй саны 14 пайызға өсті.

«Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде 3 777 пәтерлі 64 көп қабатты үй салынды. Оның ішінде биыл 90 пәтерлі 2 коммуналдық, 216 пәтерлі жас отбасыларға арналған, «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» және «Бәйтерек development» қоры арқылы 996 пәтерлі 32 үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде 1 302 отбасы үймен, 35 отбасы жатақханамен қамтасыз етілді.

Шымкент әкімі халық алдында есеп берді

Қалалық бюджет 2016 жылы 111 млрд теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 28 млрд теңгеге ұлғайды. Қаржының басым бөлігі қаланың инженерлік жүйелеріне, осы саланы дамытуға бағытталған. 52 жобаның құрылысына 20 млрд теңге бөлінсе, соның 27-сі пайдалануға берілді.

Көлік саласына өткен жылы 13 млрд теңге қаржы бағытталып, 2015 жылға қарағанда қаржы көлемі 6,7 млрд теңгеге ұлғайды. Қаржыны ұлғайту арқылы бірқатар маңызды жобалардың құрылысы жүргізілді.

Туризмді дамыту мақсатында қалада бірқатар жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, Шымкенттің брендін қалыптастыру үшін қаланың логотипі қызғалдақ бейнесіне өзгертілді. Отбасылық демалуға арналған Тұлпар көлі маңында жеке инвестор есебінен «Жайлаукөл» ойын-сауық орталығы ашылды. Онда биіктігі 50 метр «Altyn Eye» алып әткеншегі орнатылды.

Шымкент әкімі халық алдында есеп берді

Ауыл шарушылығы саласында қалада 4 мыңға жуық шаруа қожалығы, 200-ден астам жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс жасайды. Осы саланы қолдау мақсатында «Агробизнес — 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде көлемі 11 га құрайтын жылыжайлар ашылды (Алтынтөбе, Қайнарбұлақ, Сайрам, Жаңаталап, Мәртөбе, Ақжар тұрғын алабтарында.)

Оның ішінде 5,5 га — өнеркәсіптік жылыжай. 200 гектар жерге тамшылатып суару әдісі ендірілді. 20 гектар жерге қарқынды бау егілді. Қаржы ұйымдарымен 825 млн теңгеге 130 бизнес жоба қаржыландырылды.

Білім сапасын жақсарту бағытында, оқушылар үлгерімін ата-анасы бақылау мақсатында 29 мектепке пилоттық жоба ретінде электронды бақылау жүйесі енгізілді. Нақтырақ айтсақ, ата-анаға ұялы телефон арқылы баласының үлгерімі туралы СМС немесе электрондық почта арқылы хабарлама беріліп отырады.

Спортшыларымызға жағдай жасау үшін өткен жылы №12 спорт мектебі қайта құрудан өтіп, пайдалануға берілді. Бокстан №5 спорт мектебінде (ФОК) қосымша құрылыс жұмыстары басталып, биылғы жазда пайдалануға берілмек.

Салауатты өмір салтын насихаттау үшін демеушілердің есебінен 4 жерге «Streetworkout» спорт алаңшасы, Түркістан көшесі бойынан уроссфит орталығы ашылды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арқылы қаламызда Астана қаласынан кейінгі екінші «Shymkent Bike» жобасы іске асырылды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz