//
Шымкентте қатарласына әлімжеттік көрсеткен студенттің жеке басы анықталды Оқыс оқиға 

Шымкентте қатарласына әлімжеттік көрсеткен студенттің жеке басы анықталды

Шымкентте қатарласына әлімжеттік көрсеткен студенттің жеке басы анықталды. Таяуда жас жігіттің соққыға жығылған видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Қазір тәртіп сақшылары сондағы студенттердің қай оқу орнында оқитынын анықтап отыр. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасө қызметі хабарлады.

Шымкентте қатарласына әлімжеттік көрсеткен студенттің жеке басы анықталды

Департаменттің ресми өкілі Салтанат Қаракөзованың мәліметінше, бұл оқиға 2017 жылдың 29 қаңтары күні Шымкенттегі жалдамалы пәтердің бірінде болған. Жәбір көрген Сарыағаш ауданының 1997 жылы туған тұрғыны болып шықты. Ол көлік-техникалық колледжінің 4-курс студенті екен.

Осы оқиғаға байланысты шұғыл іздестірген криминалды полиция басқармасының қызметкерлері осы оқиғаға қатыстыларды анықтады. Видеоны түсірген әрі жас жігітті соққыға жыққан – Бәйдібек ауданының тұрғыны екен. Ол да студент, кәсіби-техникалық колледждің 2-курсында оқиды. Айта кету керек, 18 жастағы жігіт 2015 жылы қылмысты кодекстің 106-бабы бойынша сотталып, екі жылға бас бостандығы шектелген. Бұл күдіктінің қазіргі таңда тонауға қатысты 3 оқиғаға қатысы тексерілу үстінде. Бұл істі Абай полиция бөлімінің тергеушілері тексеруде.

Айта кету керек, осы істі тергеу барысында 20 жастағы жәбірленуші арыз жазудан бас тартып, бұл оқиғаны ойын деп түсіндірді. Қазір полицейлер осы фактінің толық себеп-салдарын тексеру үстінде. Күдікті жігіт ата-анасының кепіл болуымен босатылған.

Ернар Балабеков

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz