Шымкентте қоқыс тасымалдау да қымбаттауы мүмкін

525
Шымкентте қоқыс тасымалдау да қымбаттауы мүмкін

Шымкентте қатты тұрмыстық қалдықтың бағасы да қымбаттауы мүмкін. Бүгінгі таңда қала әкімдігінің мамандары бағаны қымбаттату туралы өз ұсыныстарын мәслихатқа дайындап жатыр. Сала мамандарының айтуынша, қоқыс тасудың бағасы 60 пайызға қымбаттайды.

Шымкентте қоқыс тасымалдау да қымбаттауы мүмкін

Қатты тұрмыстық қалдықтың бағасы соңғы рет 2014 жылы өскен. Сала мамандары бұл жолғы қымбаттатуға жанар-жағармай, қосалқы бөлшектердің бағасының қымбаттығымен және қалалық қоқыс тастау орнының 20 шақырымға ұзаруы себеп болды деп отыр. Осыған орай кәсіпкерлік палатасы мен қоғамдық кеңестің келісімін алып үлгеріпті.

Бұған дейін коммуналды қалдықты жинап-әкету қызметінің бағасы көп қабатты үйлер үшін адам басына 102 теңге болса, енді 171 теңгеге, ал жеке сектордағы үйлер үшін 120 теңгеден 200 теңгеге қымбаттайды.

Бүгінгі таңда Ақтас – 1 елдімекеніндегі қоқыс полигонына күнделікті 450-500 тонна қалдық тасталады. Қоқыс шығарумен 5 мекеме айналысады екен. Ал бағаны өсіруді көздеген әкімдік мамандары кәсіпкерлік палата мен қоғамдық кеңестің келісімін алғанымен, халықтың пікірін ұмытып кетсе керек.

Нұрлан Жаңабай