You are here
Шымкентте 100-ге жуық ауған соғысының ардагері бас қосты Жаңалықтар 

Шымкентте 100-ге жуық ауған соғысының ардагері бас қосты

Шымкентте 100-ге жуық ауған соғысының ардагері бас қосты. Бұл кездесу 2000 жылдан бері дәстүрге айналған. 15 ақпан мұнда келген әр ардагер үшін қуаныш пен қайғы аралас айтулы күн.

Жиналған майдандас-замандастар көз көрісіп, естеліктерімен бөлісіп, бір марқайып қалады. Олар қаза болған замандастарына Құран аяттарын бағыштап, сөз сөйлеп, ән орындады.

Игі істі қолға алған – ауған соғысы ардагерлер қауымдастығы мен өзбек этно-мәдени орталығы. Қауымдастық төрағасының айтуынша, әр майдангерге жылына бір рет емделуге түрлі шипажайларға жолдама беріліп тұрады.

Оған қоса мемлекет тарапынан ай сайын жәрдемақы төленеді. Ұйымдастырылып отырған бүгінгі шараға денсаулық жағдайына байланысты келе алмағандар да жоқ емес. Алайда ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы олардың әрқайсысының үйіне демеушілердің көмегін жеткізуге уәде берді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz