//
Кремль көшесіндегі үй қашан жаңартылады Жаңалықтар 

Шымкентте 140 үйді сейсмикалық нығайту қажет

Шымкент қаласында сейсмикалық нығайтуды қажет ететін 140 үй бар. Соның 100-не қатысты жөндеудің техникалық құжаттары дайындалып жатыр. Әзірге 19-ы толық зеріктеліпті. Осы жұмыстарды жеделдету үшін қала басшысы өз орынбасарларына екі жеті уақыт берді.

Шымшаһарда бар 2042 көп қабатты үйдің 10 пайызына жуығы сейсмикалық нығайтуды қажет етеді. Сала мамандарының айтуынша, олар – 40-60 жылдары салынған үйлер. Өкінішке қарай, осы бағдарлама басталған 5 жылдан бері мардымды жұмыс атқарылмағанына қала әкімі таң қалды.

Көне Шымкент 7-8 балл жойқын жер сілкінісі болу қаупі бар аймаққа жатады. 2012 жылдан бері бар болғаны 13 көп қабатты үйге сейсмикалық нығайту жұмыстары жүргізіліпті. Осы тұста төтенше жағдай департаментінің мамандарын әлеуметтік нысандар алаңдатады екен.

Тараптардың баяндамаларын тыңдаған қала әкімі осы саладағы атқарылған жұмыстар қанағаттанарлықсыз деді. Және орынбасарлары екі аптада жұмыстарын ширатып, ұсыныстарын әзірлеуі тиіс.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz