You are here
Шымкентте "Дамиани" әшекейлерінің бутигі ашылды Компания жаңалығы 

Шымкентте “Дамиани” әшекейлерінің бутигі ашылды

Жүзіктер, алтын жиынтықтар, білезіктер мен сағаттар – бұл әшекейлерді зергерліктің нағыз туындысы деуге болады. Бұл бұйымдар италяндық Дамиани зерлерлік үйіне тиесілі. Енді әсемдікті бағалайтын шымкенттіктерге өз қаламызда Дамианидан бағалы заттарды сатып алуға мүмкіндік туды. Ашылу салтанатына қатысқан компания президентінің айтуынша, Дамиани Қазақстанда ең белгілі брендтердің біріне айналған.

Джорджио Дамиани, Damiani S.p.A президенті: “Дамианиді Қазақстанда қуана қабылдайтыны бізге ұнады, қазақстандық клиенттердің бұйымдардың сапасы мен әсемділігіне қоятын талаптары жоғары. Және не сатып алу қажеттігін де біледі. Енді өз талғамы бойынша іздеген әшекейлерін осы Дамианиде табады. Осы мақсатта біз өз сауда нүктемізді ашып отырмыз”.

Шымкентте "Дамиани" әшекейлерінің бутигі ашылды

Айта кету керек, бүгінгі ашылу салтанатында Софи Лорен, Эмоциони, Alsara by Дамианидің Қазақстанға арналған ең керемет бұйымдар жиынтығы ұсынылды. Және барлық әшекей жалғыз нұсқада жасалған.

“Бүгін осында келгеніме қуаныштымын. Өйткені Дамиани – менің ең сүйікті брендтерімнің бірі. Көңіліме жаққаны – топтамалар біздің елге арналған. Керемет әшекейлердің авторларын біздің байтақ еліміз, әсем табиғаты мен мұңтаздай таза өзендері шабыттандырған болар. Коллекциялар көздің жауын алады. Мен міндетті түрде өзіме әшекей сатып аламын”.

Шымкентте "Дамиани" әшекейлерінің бутигі ашылды

Дамиани – ұлттық бояу мен италяндық шеберлікті біріктірген жалғыз шетелдік зергерлік бренд. Сонымен қатар қазақстандық балаларды қолдауға бағытталған шараларға үнемі қатысып келеді.Дамиани өнімдері эксклюзив әшекейлерді бағалайтын адамдарға жасалған. Коллекциялардағы молшылық уақытқа тәуелді емес. Зергерлік бұйымдар “Риксос- Хадиша- Шымкент” қонақ үйіндегі Дамиани бутигінде кең көлемде ұсынылған.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz