You are here
Шымкентте ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері сатылуда Жаңалықтар 

Шымкентте ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері сатылуда

Шымкентте ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сатылымға шықты. Халықаралық дәрежеде өткізілетін шараға жолдаманы «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен алуға болады. Бұл туралы баспасөз жиынында «Ontustik Tourism Center» туристік-ақпарат орталығының басшысы Жасұлан Түлебеков мәлімдеді.

Шымкентте ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері сатылуда

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейінгі аралықта Астана қаласында өтеді. Көрмеге 93 күн ішінде 85%-ын республика тұрғындары құрайтын 5 миллион адам қатысады деп күтілуде. Қатысамын деп ниет білдірген азаматтар қазірден бастап қаладағы «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен сатыл алуға болады.

Жасұлан Түлебеков, туристік-ақпарат орталығының директоры: «Біз қазір екі туроператормен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Олар жаппай 90 мың билетті сатып аламыз деп отыр. Жалпы Оңтүстікте 150 мыңға жуық ЭКСПО билеттерін сату жоспарланған.»

Бұл көрмеде Қазақстан өзге елден келген туристерге барлық мүмкіншіліктерін таныстыра алады. Осының нәтижесінде туризм саласы жақсарары сөзссіз. Айта кетейік, былтырмен салыстырғанда Оңтүстікте саяхаттанушылар саны 30 пайызға көбейген. Нәтижесінде демалыс орындарында аялдаған туристердің саны 142 мың адамға жуықтап, 2015 жылмен салыстырғанда 33 мың адамға артты.

Алмат Сүюбаев, кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары: «Туристердің ең көп баратын жері — Түркістан қаласы. Нақтырақ айтқанда, осы қаладағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі. Өткен жылы бұл қалада 1 млн астам билет сатылған. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артуда.»

Жауапты басшылардың айтуынша, биыл да Оңтүстікке аялдайтын туристердің саны артуы мүмкін. Өйткені жаңа инвестициялық жобалар бойынша өзге елден қызығушылық танытқан кәсіпкерлер көбейген. Әсіресе, Түркістан қаласында жаңа тың жобалар қолға алынбақ.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz