//
Шымкентте полицейлермен төбелескендер ұсталды Оқыс оқиға 

Шымкентте полицейлермен төбелескендер ұсталды

Шымкентте полицейлермен төбелесіп, тәртіп сақшыларына күш көрсеткендер ұсталды. Түн ішінде Әл Фараби полиция бөліміне суыт хабар түседі. Анық болғаны, Қонаев және Рысқұлов даңғылдарының қиылысында БМВ автокөлігі полицейлердің нұсқауына тоқтамай, қашып кеткен. Содан кейін жол апатына ұшырайды. Кейіннен көлікті басқарған азаматтың тағы бір заң бұзушылыққа барғаны анықталды.

Шымкентте полицейлермен төбелескендер ұсталды

Полицейлердің жол жүру тәртібін бұзған көліктерді ұстауының соңы апатқа ұшырайды да жатады. Күні кеше Шымкентте түн ортасында БМВ автокөлігінің жол ережесін бұзғанын байқаған жергілікті полиция қызметкерлері оның соңынан түседі. Мұны байқаған неміс көлігін басқарған жігіт арнайы автокөліктен қашып құтылмақ болады. Қонаев даңғылына келгенде бұрыла алмай, қоршауды соғып, өзі аударылып кетті. Көліктен шыға сала қашпақ болған жігіттер өздерін ұстаған полицейлермен алыса кетеді. Қарсылық көрсетіп, киімді жыртты дейді тәртіп сақшылары.

Әріптестеріне көмекке келгендер қарсылық көрсеткен жігіттерді ұстап, көлікке отырғызды. Бірі бетін камерадан жасырып әлек, ал қасында отырған жігіт ештеңе болмады деп, сөзді қысқа қайырды.

Экипаж қызметкері өз погонынан айрылғаннан бөлек дене жарақатын да алған. Мұны оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасының дәрігері растады.

Жергілікті полиция бөліміне жеткізілгенде көлікте отырған 26 жастағы жолаушының Қырғызстан азаматы екені белгілі болады. Ал қасындағы танысы – 27 жастағы жергілікті тұрғын. Көлікті басқарған жігіттің мас халде рөлге отырғаны анықталды. Қазіргі таңда билік өкіліне қарсылық көрсету фактісі бойынша қылмысты кодекстің 380-бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Ернар Балабеков

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz