//
Шымкентте Түркия технологиясымен аяқ киім тігіледі Жаңалықтар 

Шымкентте Түркия технологиясымен аяқ киім тігіледі

Таза былғарыдан жасалған қысқы етік, спорт аяқ киімі және жылдың кез келген мезгіліне киетін аяқ киімдер. Мұның барлығын Алымжан Ибраимовтың шағын цехы тігіп шығарады. 2012 жылы 4 адам болып өз жұмысын бастаған кәсіпорында 5 жыл ішінде жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 30-ға жеткен.

Шымкентте Түркия технологиясымен аяқ киім тігіледі

Керек шикізат алғашында Жамбылдан, Ресейден тасымалданды. Күніне ерлер мен әйелдерге арналған 100 жұп аяқ киім шығарылады. Кәсіпкердің сөзінше, ол өз ісінде тауар сапасына көп көңіл бөледі.

– Бізден сатып алынған аяқ киім ұзақ уақыт киіс беруі үшін барлық әдістерді қарастырып жатырмыз. Тұтынушылардан бүгінге дейін шағым не ескерту естіген жоқпыз. Дегенмен, заманауи стандарқа сай жұмыс жасау үшін бізге жаңа құрылғылар қажет, – деген кәсіпкер өз ойымен бөлісті.

Шымкентте Түркия технологиясымен аяқ киім тігіледі

Жұмыс жасап тұрған цех кеңес үкіметі кезінде бой кетерген. Ғимараты ескі болғанымен ішінде жұмыс қайнап тұр. Кәсіпкер осы уақытқа дейін несие алмаған, барлығын өз қаражатына бастаған. Енді Түркия елінен техника сатып алу үшін несие алмақшы. Осы мақсатта кәсіпкер ОҚО кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

Шымкентте Түркия технологиясымен аяқ киім тігіледі

– Кәсіпкер Алымжан Ибраимов біздің мекемеден толық кеңес алды. Бүгінде несие алу үшін құжаттар жинақталып жатыр. Барлық процесс біткеннен соң 10 млн теңге аламыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар кәсіпкердің тауарын жарнамалау және оны жүргізу үшін түрлі жәрмеңкелер мен отандық тауар өндірушілер бас қосатын алаңдарға белсенді қатысуына атсалысып жатырмыз . Ендігі меже – түрік техникасымен қамтамасыз ету. Ол үшін палата өкілдері тарапынан көмек көрсетілетін болады, – деді жобаларды сүйемелдеу бөлімінің менеджер-кеңесшісі Руслан Сартаев.

Шымкентте Түркия технологиясымен аяқ киім тігіледі

Кәсіпкер аяқ киім шығару ісімен 1989 жылы танысқан. Шымкент қаласындағы аяқ киім цехы жабылмай тұрып сол ортада 3 жыл қатарынан еңбек еткен. Бірқатар уақыт басқа салаға ауысқанымен 2012 жылы аяқ киім шығару ісіне қайта оралады. Осылайша бүгінде өз саласының шеберіне айналды. Кәсіпкердің алдағы жоспары – шымкенттік аяқ-киімдерді өзге қала мен елдерге тасымалдау.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz