//
Жаңалықтар 

Шымкентте жас Жамбылдың “Егемен елім – ерке елім” атты кеші өтті

Жамбыл – ата-анасының талай жыл зарығып күткен жалғыз ұлы. Оның әжесі берген есімі оның бүкіл тағдырын анықтағандай. Жамбыл алғашқы өлеңін бес жасында жазғып, халыққа танылды. Бүгінде ел аралап, жеке концертін беруде.

Оның жұлдызды сәті Мұқағали жыр кешінде жағылып еді. Ол бүгінгі кешіне үлкен дайындықпен келгенін айтады. Шығармашылық кеш бес бөлімнен тұрды. Жас ақын онда жаңа өлеңдерін таныстырып үлгерді.

Ерекше дарындылығымен көпшіліктің махаббатына бөленген баланы өнердегі аға-апалары өздеріне тең көрмесе, одан төмен көрмейді. Осы кешке Алматыдан арнайы келген әнші Сұлушаш Нұрмағамбетова барлық қалада Жамбылмен бірге жүр.

Бала ақынның жырларымен қатар екі өлеңіне ән жазылып үлгерген. Олар бүгінгі кеште тыңдарманға жол тартты. Баласының шашбауын көтеріп, толқып жүрген анасы гастрольдік сапарларын Елбасының өзі қолдап отырғанын айтады. Өнер жолының оңай жол емес екенін ересек ойлы бала Жамбыл жақсы түйсінеді. Енді от ауызды, орақ тілді жас ақыналда биік белестерді бағындырсам дейді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz