Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты

453

Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты. Жол апаты кешкі сағат 19:00 шамасында болған. Тәуке хан даңғылы мен Аймауытов көшесінің қиылысында №93 бағытта жүрген автобус пен №77 бағыттың шағын автобусы соғысты. Іштерінде адам толы болған.

Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты

Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты

Бұл жол апатына «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының түсіру тобы куә болды. Тілшілердің көз алдында жедел жәрдем бригадалары жарақат алған 7 жолаушыны қалалық ауруханаларға алып кетті.

Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты

Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты

Өзге де куәлердің айтуынша, екі көлік соғысқан сәтте шағын автобустың терезесінен адамдар сыртқа құлаған. Қазір жол апатының орнында полиция анықтаушылары мен жедел жәрдем дәрігерлері жұмыс істеуде.

Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты

Фото: Ернар Балабеков