You are here
Оқыс оқиға 

Шымкенттегі көп қабатты үйде газ жарылды

Шымкентте тағы бір төтенше жағдай тіркелді. Қаладағы көп қабатты үйлердің бірінде газ-ауа қосындысы жарылды. Жайсыз оқиға таңертең болған. Жарылыс кезінде күйік шалған пәтер иесі қазір ауруханада жатыр.

Суыт хабар төтенше жағдай департаментінің кезекшісіне таңғы сағат 7-лер шамасында түсті. Қоңырау шалғандар Теріскей шағынауданындағы №62 үйдің пәтерінде жайсыз жағдайдың болғанын хабарлайды. Бұл пәтерде газ-ауа қосындысы жарылған.

Жарылыстың күші қатты болғаны соншалық, тіпті көрші пәтерлерге де зиян тигізген. Тұрмыстық заттар мен жиһаз бүлініп, есік-терезелер қирап қалған. Жарылыс кезінде үйде болған 37 жастағы пәтер тұрғыны абайсызда шыққан өрттен зардап шеккен. Денесінің 32 пайызын күйік шалған тұрғын қазір аурухадана жатыр. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін күресуде.

Оқиға орнында қазір арнайы комиссия жұмыс істеуде. Жұмысшы топ жарылыстың себеп-салдарын анықтап, өрттен келген шығындарды есептеп жатыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz