You are here
Шымкенттегі тіс емханасы тәулік бойы жұмыс істейді Жаңалықтар 

Шымкенттегі тіс емханасы тәулік бойы жұмыс істейді

Шымкентте тіс емханасы тәулік бойы жұмыс істейтін болды. Бұл үшін медициналық мекемеге қосымша кадрлар толықтырылды. Осылайша облыс тұрғындары таңның атысын күтпей-ақ кез-келген уақытта тегін түрде дәрігердің көмегіне жүгіне алады. Бірақ, ақысыз қызмет шектеулі.

Шымкенттегі тіс емханасы тәулік бойы жұмыс істейді

Ақ халаттылардың айтуынша, тіс ауруы көбіне түн ішінде мазалайды. Сондықтан, бұл емхана тәулік бойы жұмыс істеуді бастап, науқастарды түн жарымда да қабылдауға әзір.Дәрігердің қабылдауынан бөлек мекемеде тіс жұлу, хирургиялық емдеу және диагностикалық тексерудің бірнеше түрі жасалады. Бұл үшін мұнда 70-ке жуық дәрігер, 60-тан аса медбике жұмыс істейді. Емхана тәулігіне 450 адамды қабылдай алады.

Ерғали Орманов, облыстық тіс емханасының бас дәрігері: «Бірінші ақпаннан бастап емханаға төрт дәрігер, төрт мебдике, төрт  санитар қызметкері қосылды. Бұрын біз ауырған тістің шеңберін ғана түсірген болсақ, қазір жаңадан орнатылған сандық аппараттың көмегімен бүкіл жақ-бет аймағын түсіреміз. Мұның бізге пайдасы зор. Өйткені қондырғының көмегімен ауыз қуысындағы кез келген тістегі ақауды байқай аламыз. Осыған байланысты емдеу тағайындаймыз.»

Тіс ауруының асқынуы көп жағдайда қайғылы аяқталуы мүмкін. Емхананың тәулік бойы жұмыс істеуіне осы жағдай да себеп болған. Егер сізді түн ішінде тіс ауруы мазаласа, Шымкент қаласы Айбергенов көшесіндегі емханадаға келіңіз немесе 56-31-60 нөміріне хабарласуға болады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz