You are here
Түлкібастағы Машат өзенінде су электр станциясы салынады Жаңалықтар 

Түлкібастағы Машат өзенінде су электр станциясы салынады

Түлкібастағы Машат өзенінде су электр станциясы салынады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баламалы энергия көздері жобасы бойынша инновациялық жоба болып табылатын шағын су электр станциясын салу мақсатында Түркиядан келген инвесторлармен Түлкібас ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков кездесті.

Түлкібастағы Машат өзенінде су электр станциясы салынады

Кездесуде аудан әкімі Түркияның «Индустриал» компаниясының қаржылық директоры Ильяс Кошасланға аудандағы су және жел арқылы шағын электр энергиясын өндіретін станцияға қолайлы Машат, Арыс, Құлан өзендері және су қоймалары мен желдің басым бағыттары жайында таныстырды. Баламалы энергия көздерінің жасыл экономика саласындағы негізгі бөлігі екендігін айта келе, ауданда жобаға қолайлы болатын бағыт бойынша барлық қолдау шаралары жасалатынын жеткізді.

Айта кету керек, «Индустриал» компаниясының өкілдері жалпы құны 2 млрд. теңгеге жуық, жалпы қуаты 4,2 мВт табиғи электр қуатын өндіретін су электр станциясын Ма­шат өзені бойынан салуды жоспарлап отырғандарын айтты.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz