//
Түркістандықтар лимон өсіре бастады Жаңалықтар 

Түркістандықтар лимон өсіре бастады

Түркістан қаласына қарасты Яссы ауыл округiндегі “Қанжiгiт” шаруа қожалығының жылыжайында лимон өсiп тұр. 2015 жылдың желтоқсан айында егiлген цитрусты көшеттер осы жылдың күзінде өнiм бередi екен.

“Қанжiгiт” ШҚ агрономы Б.Момынов осындай жаңалықпен бөлісті.

Түркістандықтар лимон өсіре бастады

– Лимон – 40-60 жыл өмiр сүретін өсімдік. Алғашқы жемiсiн 2 немесе 3 жылда бередi. Жалпы, лимон өсіруде асқан шыдамдылық қажет. Кейде осындай күтіммен банан, киви сияқты тропикалық жемiстердi де жүрексінбей жылыжайларда өсiруге болатын сияқты, – деп, жаңашыл ойларын жеткізді.

Б. Момынов лимон көшеттерiне күтiм жасауды жақсы меңгерген. Арнайы курстан дәрiс алған агроном 3 гектар жерге егілген лимон ағашынан алдағы уақытта мол өнiм алуды жоспарлап отырғанын айтады.

Айта кету керек, “Қанжiгiт” ШҚ жылыжай кәсібін бастағанына бес жылдан асқан. 3 гектар жерге қызанақ пен қияр егіп отырған шаруа қожалық өкілінің айтуынша жылыжай аумағын кеңейтiп, өнiм түрлерiн көбейпек ниетте. Бүгiнде мұнда 30-ға жуық ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылып отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz