Тәртіп бұзған көлік компанияларымен келісім-шарт бұзылады

375
Тәртіп бұзған көлік компанияларымен келісім-шарт бұзылады

Шымкенттегі жолаушы тасымалдаумен айналысатын 75 бағыттағы 28 көлік компаниясының 14 бағыты бойынша келісім-шарт бір жақты бұзылады. Бұл жайында қала әкімінің көлік компаниясы басшыларымен өткізген жиынында айтылды. Кездесуде шаһардың қоғамдық көліктеріндегі орасан олқылықтар бүгіліп қалған жоқ.

Тәртіп бұзған көлік компанияларымен келісім-шарт бұзылады

Шымкенттегі жолаушы тасымалдау қызметі ақсап тұр. Күн сайын қалалық бағытқа шағатын 1100-ден астам автобус иелері мен жүргізушілері жол ережелерін айтпағанда әкімдіктен жасалған келісім-шартты өрескел бұзады. Қоғамдық көліктер лас, кондукторлар дөрекі, ал жүргізушілер бәйгеге түсіп жарысады.

Жолаушылар қауіпсіздігін сақтау мақсатында қалалық әкімдіктің көлік бөлімінің мамандары бақандай 97 рейд өткіздік дейді. Соның нәтижесінде көлік компанияларына ресми түрде 197 рет ескерту жасалыпты. Бірақ өзгеріс жоқ дейді мамандар. Ал көлік компанияларының басшылары қала әкімдігінің көлік бөлімі мен диспетчерлік бекеттердің жұмыстарына көңілдері толмайтынын әкімге ашық айтты.

Екі жақтың уәжін тыңдағын шаһар әкімі ең қымбаты – адам өмірі деді. Сол себепті бірлесе жұмыс жасау қажеттігін баса айтып, осы саладағы жұмысты жақсарту жолындағы кез келген ұсыныстарды тыңдап, қол ұшын созуға уәдесін берді.

Нұрлан Жаңабай