Зауытбек Тұрысбеков Президент жолдауын шымкенттік оқушыларға түсіндірді

743
Зауытбек Тұрысбеков Президент жолдауын шымкенттік оқушыларға түсіндірді

«Нұр Отан» партиясының өкілдері өңірлерді аралап, Елбасының кезекті жолдауын халыққа түсіндіруге кірісті. Осыған орай көшбасшы партияның хатшысы Зауытбек Тұрысбеков Шымкенттегі №8 мектеп-гимназияның ұжымымен кездесті.»Нұр Отан» партиясының хатшысы «ел экономикасын дамытудың үшінші жаңғыруы» атты елбасының  кезекті  жолдауында айтылған тұстарды жиналғандарға қарапайым сөзбен әңгімелеп берді. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті күшейту «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» негізінде жүзеге аспақ.

Зауытбек Тұрысбеков Президент жолдауын шымкенттік оқушыларға түсіндірді

Бес негізгі басымдықтың алғашқысы экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту болып табылады. Осыған орай үкімет ІТ саласын дамытуға ерекше көңіл бөлмек. Партия хатшысы мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі туралы айта келе, «Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асыру бірінші кезекте жастарға міндеттелгенін атап өтті. Кездесудің үш тілде дәріс берілетін оқу ордасында өтуі кездейсоқ емес, өйткені, мемлекет озық технологияларды игере отырып, өркендеуге бет алды. Ал ол дегеніміз – жоғары біліктілікті талап етеді.

Зауытбек Тұрысбеков, «Нұр Отан» партиясының хатшысы: «Үш тілді меңгеруді балабақшадан бастау керек. Сіздер мектепте қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік меңгерулеріңіз қажет. Өмір өте қысқа, уақыттың қалай өтіп кеткенін білмей қаласыңдар. Сондықтан, мүмкіндіктеріңді жіберіп алмаңыздар. Ата-аналарыңды, ұстаздарыңды құрметтеңдер. Олардың айтқанын бұлжытпай орындаңдар. Білімге құштар болыңдар. Дарынды болыңдар!»

Баяндамашы Президент жолдауының негізгі бағыттарына жеке жеке тоқталды. Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Білім ошақтарында оқыту бағдарламаларын оқушының сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау керек. Елбасының ІТ білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға аса көңіл бөлуге басымдық беріп отырғаны да осыған саяды.

Көп жылдар бойы елші қызметінде Қазақстанның өзге елдермен достық, іскерлік қарым-қатынасын нығайтуға сіңірген еңбегін ұл-қыздардың да білетіні қуантты. Ол үшін Зауытбек Қауысбекұлына осы кездесуде алғысын айтуды да ұмытқан жоқ.

Зауытбек Тұрысбеков Президент жолдауын шымкенттік оқушыларға түсіндірді

Аға буын өкілдерінің өнегелі ісі мен нұсқаған бағыт-бағдары үшін ризашылығын білдірген өскелең ұрпақ озат оқуымызбен елдің алдындағы азаматтық борышымызды өтеуге біз де тырысамыз деп тарқасты.